Молдова құрамасының бас бапкері Норвегияға қарсы матч жайлы пікірін айтты

Молдова құрамасының бас бапкері Норвегияға қарсы матч жайлы пікірін айтты

Молдова құрамасының бас бапкері Сергей Клещенко 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің алтыншы турында Норвегиядан 1:11 есебімен ойсырай жеңілген ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл – нағыз масқара. Бұл матч туралы айтатын көп нәрсе жоқ. Нәтиженің өзі бәрін көрсетіп тұр. Енді не істеу керегін шешуім керек екенін түсінемін», – деп бапкердің сөзін Dagbladet келтіреді.

Осы жеңістен кейін Норвегия құрамасы 15 ұпаймен I тобының көшін бастады. Келесі іріктеу ойынын норвегиялықтар 11 қазанда өз алаңында Израильге қарсы өткізеді.

Молдова құрамасы бес ойында бірде-бір ұпай алмай, турнир кестесінде 5-орында тұр. Келесі матчын 14 қазанда Эстонияға қарсы өткізеді.

«Реал Мадрид» «Тоттенхэм» қорғаушысы Микки ван де Венді қатарына қоспақ

Әлі іргетасы қаланбаған клуб 20 млн еуроға футболшы сатып алды

ПСЖ мен «Ювентус» арасындағы қатынас ушығып кетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или