Алматыда «Қайрат» пен «Реал» ойынына қауіпсіздік күшейтіледі

Алматыда 30 қыркүйек күні өтетін «Қайрат» пен мадридтік «Реалдың» Лига чемпиондарындағы ойынына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Polisia.kz мәліметінше, матч күні тәртіп пен қауіпсіздікті 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі қамтамасыз етеді.
Қалалық полиция басқармасының өкілі Серік Шумаевтың айтуынша, тәртіп сақшылары стадион маңындағы қозғалысты реттеп, жанкүйерлердің қауіпсіздігін қадағалайды. Сол себепті тұрғындарға жолға алдын ала жоспар құрып, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау сұралды.
Айта кетейік, «Қайрат» алғаш рет Лига чемпиондарының топтық кезеңіне шықты. Плей-оффта шотландиялық «Селтикті» пенальти сериясында жеңген алматылықтар енді өз алаңында «Реалдан» бөлек, «Брюгге», «Олимпиакос» және «Пафоспен» ойнайды. Ал билеттер сатылымға қыркүйектің 20-ларында шығады.
Рамазан Бағдат: «Бізге сәттілік жетіспеді»