«Неом» уругвайлық шабуылшыны қатарға қосты

Сауд Арабиясының жоғарғы дивизионына өткен маусым соңында көтерілген «Неом» клубы трансферлік кампаниясын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Болашақ мегаполис атындағы клубтың бюджеті аса ауқымды, сондықтан құрамы да соған сай жасақталуда. Соңғы жаңалық бойынша, командаға 22 жастағы уругвайлық шабуылшы Лусиано Родригес қосылды.
Ол «Байя» клубынан кетіп, Сауд Арабиясына аттанады. Қолда бар дерекке сүйенсек, трансфер құны – 20 миллион еуро. Қазіргі таңда Родригестің нарықтық бағасы 7 миллион еуроға тең. Ол Уругвай құрамасы сапында 3 ойын өткізіп, гол соққан жоқ.
Айта кетейік, «Неом» жобасы 2030 жылға дейін аяқталуы тиіс. Қала инфрақұрылымы ерекше болмақ: ұзындығы 100 шақырымнан асатын зәулім ғимараттар тізбегінен тұрады.
Неймар болашағы үшін ерекше шешім қабылдады