Алан Ағаев «Челябинск» клубымен келісімшартқа қол қояды

«Родина» командасының қорғаушысы Алан Агаев енді «Челябинск» сапында өнер көрсететін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Legalbet.kz дерегінше, 20 жастағы футболшы уральдық клубпен бір жылдық келісімге қол қояды.
Агаев – павлодарлық футбол тәрбиеленушісі. Ол 10 жасында Испанияға қоныс аударып, үш жыл бойы «Барселона» академиясында жаттыққан. Сол кезеңде испан құрамасының қазіргі ойыншысы Гавимен бір алаңда дайындық өткізген. Кейін футболшы Қазақстанға оралды.
2020 жылы Алан Мәскеудің «Родина» клубына еркін агент ретінде ауысқан еді. Өткен маусымда ол Ресей бірінші лигасында 7 матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады.
Рамазан Бағдат: «Бізге сәттілік жетіспеді»
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или