Аль-Хелаифи «Ювентус» басшысын алдады деп айыптады

Аль-Хелаифи «Ювентус» басшысын алдады деп айыптады

ПСЖ мен «Ювентус» арасындағы байланыс Рандаль Коло Муани трансферіне байланысты күрт нашарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италиялық клуб француз чемпионымен келісілген 60 миллион еуро төлеудің орнына «Лейпциктен» Лоис Опенданы жалға алуды таңдаған.

Коло Муани Туринде өткен маусымның екінші жартысында ойнап, 22 матчта 10 гол соққаннан кейін «Ювентуске» толыққанды ауысатынына сенімді болған. Тараптар 63 миллион еуроға келіскен еді, бірақ соңғы сәтте туриндіктер тактикасын өзгертіп, 1 қыркүйекте Опенданы жалға алды. Оның аренда құны – 6 миллион еуро, ал 2026 жылы сатып алу опциясы 25 миллионға белгіленген.

Нәтижесінде Коло Муани «Тоттенхэмге» жалға кетті. Бұл жағдай ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифиді қатты ашуландырды. Ол «Ювентус» бас директоры Дамьен Комоллиге қоңырау шалып: «Сен бізді апталап алдадың. Бірақ бәрі бітті. Бұл соғыста жеңе алмайсың. Сенің әдістеріңді ұмытпаймын», – деп ашуға булыққан.

Тіпті Коло Муани де «Ювентуске» ауысу мүмкін болмай қалғанына таңғалды. Француз шабуылшысы Туринде өзін жайлы сезініп, Серия А клубында қалуға дайын еді.

Неймар болашағы үшін ерекше шешім қабылдады

ӘЧ-2026: жолдама алған тағы бір кұрама анықталды

Килиан Мбаппе: «Дембеле «Алтын допқа» лайық»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или