Экс-футболшы Пацай ұлттық құраманы жергілікті маман басқарғанын қалайды

Экс-футболшы Пацай ұлттық құраманы жергілікті маман басқарғанын қалайды

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Пацай Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында бас бапкердің мүмкін отставкасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әрине, мұндай есеппен жеңілу – тек бас бапкердің емес, жалпы Қазақстан футболының абыройына соққы. Бірақ менің түсінгім келетіні: Әлиев нақты неден қателесті? Жақында ғана Венгрия құрамасы Англияны сырт алаңда 4:0 есебімен ұтты. Сонда ағылшындардың бапкері жеңілістің себебін ашық айтты.

Егер Әлиев отставкаға кетсе, меніңше, құрамаға қазақстандық бапкерді тағайындау қажет. Тегін атамаймын, бірақ ондай мамандар бар екені анық», – деді Пацай.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев отставкаға кеткен болатын.

Рамазан Бағдат: «Бізге сәттілік жетіспеді»

Қазақстан U-21 – Англия U-21 матчына бейнешолу

Қазақстан жастар құрамасы Англиядан жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или