Наталья Богданова өзіне бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының медалін қамтамасыз етті

Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында түркиялық Сема Чалышканмен өзара мықтыны анықтады.
Наталья Богданова алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Нәтижесінде еш қиындықсыз жеңіске жетті.
Осылайша, Наталья Богданова (70 келіге дейін) өзіне кем дегенде әлем чемпионатының қола медалін қамтамасыз етті.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или