Кенжебектің ықтимал трансфері жайлы ақпарат шықты

22 жастағы вингер Ғалымжан Кенжебек «Елімай» сапында ойнауын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz AS News.kz-ке сілтеме жасап.
Ресейлік БАҚ таратқан ақпаратқа қарамастан, Қазақстан құрамасының ойыншысы Премьер-лигада қалады. Футболшыға «Акрон» қызығушылық танытқанымен, тараптар мәміле жасақан жоқ.
Кенжебектің агенті атап өткендей, ол бар назарын «Елімайдағы» ойынына аударып отыр және болашағына қатысты кез-келген шешім бір айдан кейін қабылданады.
«Кошиценің» бұрынғы вингері шілде айында «Елімайға» ауысты. Оған Словакия және Батыс Еуропа командалары, соның ішінде шотландиялық «Хартс» қызығушылық танытуда.
Рамазан Бағдат: «Бізге сәттілік жетіспеді»
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или