Қазақстан - Италия. Бас бапкер шақырған ойыншылар тізімі

Қазақстан - Италия. Бас бапкер шақырған ойыншылар тізімі

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауоо Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф ойындарына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ына сілтеме жасап.

Қақпашылар: Лео Игита, Канат Жеткірбаев, Талғат Өтепбергенов;

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Дамир Қайырбай, Шынғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Ақжол Дәрібай, Ринат Төреғазин, Ержан Карменов, Әбдірасыл Абдуманапұлы, Иван Марахов, Альберт Ақбалықoв, Владислав Черномордов.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама үшін Италиямен таласады. Алғашқы кездесу 18 қыркүйек күні сырт алаңда – Фазано қаласында өтсе, 23 қыркүйек күні Италия құрамасын Астанада қабылдаймыз.

Италия – Қазақстан

18.09.2025 23:00 (Астана уақыты)

PalaSport спорт кешені

Қазақстан – Италия

23.09.2025 19:30 (Астана уақыты)

Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, Астана қаласы


Түкіріп жіберген. «Барселона» экс-жұлдыздары АҚШ-та жазаланды

Уэльс құрамасының экс-ойыншысы: Орталық Азияның әлеуеті зор

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или