Ғалымжан Кенжебек Ресейде доп тебе ме?

Ғалымжан Кенжебек Ресейде доп тебе ме?

Тольяттилік «Акрон» Қазақстан құрамасы мен «Елімай» футболшысы Ғалымжан Кенжебектің ауысуы туралы келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Тараптар мәміленің түпкілікті мәліметтерін талқылап жатыр.

Кенжебек «Елімай» сапында 2025 жылдың шілдесінен бері өнер көрсетіп келеді. Осы аралықта жартылай қорғаушы Қазақстан чемпионатының жеті ойынына қатысып, төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Футболшының клубпен ағымдағы еңбек келісімі 2025 жылдың соңына дейін жарамды. Transfermarkt порталында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, ойыншының нарықтағы құны 225 мың еуроны құрайды.


Қазақстан жастар құрамасы Англиядан жеңіліп қалды

Ұлттық құрамаға келуі мүмкін бапкерлердің аты аталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или