ӘЧ-2025: Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі 1/8 финалында жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Мун Каенмен қолғап түйістірді.
Алуа бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алды. Екінші үшминуттықта да отандасымыз басым болды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңді.
Енді Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.
ӘЧ-2025: қазақстандық боксшы жеңілісінен кейін сыншыларға жауап берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или