Константин Савенков «Барыс» – «Амур» матчына болжам жасады

Константин Савенков «Барыс» – «Амур» матчына болжам жасады

Бүгін Астанада 2025-2026 жылғы ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында жергілікті «Барыс» хабаровскілік «Амурды» қабылдайды.

Prosports.kz сайтына берген сұхбатында астаналық клубтың бұрынғы хоккейшісі Константин Савенков алдағы кездесуге қатысты пікір білдірді.

– Ойын қызық болады. Құрам және ойын тұрғысынан екі команда қазір тең. «Амур» да алғашқы матчында жеңіске жетті. Бұл да өте қызық команда, көп қимылдайды. Матч нәтижелі болмақ, ал кім жеңетіні – айту қиын, – деп атап өтті өскемендік хоккей тәрбиеленушісі.

Еске сала кетейік, алғашқы ойында Михаил Кравец шәкірттері селябинскілік «Тракторды» овертаймда 4:3 есебімен тізе бүктірген еді.

Ресейлік шабуылшы ҰХЛ-дің үздік 50 ойыншысының қатарына енді

«Барыстың» бас бапкері Гагарин кубогының финалисін қалай ұтқанын түсіндірді

Қазақстан хоккей клубтары жаңа маусымды легионерлерсіз бастауы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или