Нассурдин Имавов Чимаевпен жекпе-жекке дайын екенін айтты

UFC орта салмақ рейтингінде екінші орында тұрған Нассурдин Имавов осы дивизионның чемпионы Хамзат Чимаевпен титулды жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Имавов октагондағы соңғы жетістіктерін ескере отырып, чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығуға толық құқығы бар екенін айтты.
«Мен қазір орта салмақтағы топ-10 қатарындағы бес қарсыласымды жеңдім. Сол себепті UFC титулы үшін Хамзат Чимаевпен айқасу мүмкіндігін ешбір жағдайда қолдан жібермеймін. Бұл үшін жеткілікті еңбектендім деп сенемін», — деп келтіреді Имавовтың сөзін Sherdog порталы .
Сондай-ақ, ол жеңілмеген чемпионмен жекпе-жекте өзіне аутсайдер мәртебесін беруі мүмкін екеніне тоқталды.
«Бұл маған толығымен қолайлы. Маған аутсайдер болған ұнайды — дәл осындай жағдайда мен мықты өнер көрсетемін», — деді Имавов.
Илия Топурия Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты