Бразилиялық теннисші алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті

Бразилиялық теннисші алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті

Әлемдік рейтингте 1206-орында тұрған бразилиялық Науани Витория Леме да Силва 2010 жылы туған ойыншылар арасынан WTA турнирінде жеңіске жеткен алғашқы теннисші атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

WTA-250 санатындағы Сан-Паулудағы жарыстың алғашқы айналымында ол отандасы, рейтингте 237-сатыда тұрған Каролина Алвесті 6:7 (0:7), 6:2, 6:0 есебімен тізе бүктірді.

2024 жылдың қыркүйегінде да Силва 2010 жылы туған теннисшілер арасынан алғаш болып рейтингтік ұпай алған еді. 15 жастағы спортшы сонымен қатар жасөспірімдер рейтингінде әлемнің 37-ракеткасы саналады. Ол жасөспірімдер Уимблдон-2025 турнирінде үшінші айналымға дейін жеткен.

Сан-Паулу турнирінің екінші кезеңінде Науани Витория Леме да Силва аргентиналық екінші ракетка Солана Сьерраға қарсы ойнайды.

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің екінші кезеңіне шыға алмады

Қазақстандық теннисші Қытайда өтетін турнирге жолдама алды

WTA рейтинг жаңартты

US Open-2025: Алькарас финалда Синнерді жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или