Қазақстанның жас әрі дарынды файтері тәжікстандық спортшымен кездеседі

Қазақстанның жас әрі дарынды файтері тәжікстандық спортшымен кездеседі

Өскеменде өтетін Naiza 77 турнирінде Қазақстанның жас әрі дарынды файтері Мейербек «Мори» Төлегенов тәжікстандық Азизхан Чоршонбиевпен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

«Менде екі жылға созылған үзіліс болды, енді жеңіске деген аштық сезімі бар. Eagle FC және Fight Night Global ұйымдарындағы жекпе-жектерден кейін біраз уақыт демалып, қалпыма келдім. Азизхан Чоршонбиевпен кездесу туралы жақсы ұсыныс түсті. Көп ойланбай, бапкерлер штабымен бірге бұл жекпе-жекке келісім бердік. Әрине, белгілі бір тәуекел бар, бірақ біз оған баруды ұйғардық. Мұндай қарсыласты жеңу менің Naiza рейтингімде де, медиялық жағынан да өсуіме мүмкіндік береді. Әзірге жоспар — осы жекпе-жекте жеңіске жетіп, оны барынша жарқын өткізу!» — деді спортшы.

Турнир 27 қыркүйек күні Өскеменде өтеді. 

Илия Топурия Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Метро Люблино OCTAGON 78 турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы қырғызстандық қарсыласын жеңді. Видео

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или