Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Аққалықов украиналық Павел Иллюшеге төрешілердің бөлек шешімімен жол беріп, турнирді аяқтады.
«Бұл әлем чемпионаты мен үшін аяқталды. Бір жерде жеткілікті жұмыс істемедім, бір жерде өзімді көрсете алмадым... Айтар сөз жоқ. Ал спортты сынайтындардың бәріне айтарым — ауыздарыңызды жапқандарыңыз дұрыс болар еді. Біз қанша жаттығатынымызды, қалай дайындалатынымызды, туғандарымызды қанша уақыт көрмей жүретінімізді, жаттығуда қаншама қан мен тер төгілетінін сіздер білмейсіздер — бәрі елдің туын бір көтеру үшін.
Сіздер тек әдемі қаптаманы — тұғырды көресіздер. Жеңсең — мықтысың. Жеңілсең — бірден ең жаманы боласың. Спорт — болжанбас нәрсе: бүгін сен чемпионсың, ертең жай ғана қатысушысың», — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Сағындық Тоғамбай ширек финалға шықты
Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы ширек финалға жолдама алды