Александр Овечкин ҰХЛ-дің үздік 50 ойыншысының қатарына енді

Александр Овечкин ҰХЛ-дің үздік 50 ойыншысының қатарына енді

ҰХЛ 2025/26 маусымының басталуына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осыған орай, NHL Network 50 үздік белсенді ойыншылардың рейтингін жасады.

Қазір тізімнің бірінші бөлімі жарияланды, онда 41-ден 50-ге дейінгі орындар көрсетілген.

«Вашингтон Кэпиталз» капитаны Александр Овечкин рейтингте 50-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 6 сәуірде «Нью-Йорк Айлендерс» командасымен матчта (1:4) Овечкин ҰХЛ тұрақты чемпионаттарында өзінің 895-шайбасын соғып, аңызға айналған Уэйн Гретцкиді (894) артқа тастап, осы көрсеткіш бойынша лига тарихындағы үздік атанды.

Овечкин 2024/25 жылғы тұрақты маусымды аяқтап, шайба санын 897-ге жеткізді.

«Барыстың» бас бапкері Гагарин кубогының финалисін қалай ұтқанын түсіндірді

Қазақстан хоккей клубтары жаңа маусымды легионерлерсіз бастауы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или