Қазақстандық маман Әзербайжан – Украина ойынына делегат болып тағайындалды

Қазақстандық маман Әзербайжан – Украина ойынына делегат болып тағайындалды

Қазақстандық маман Олжас Абраев 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Әзербайжан және Украина құрамалары арасындағы ойынға делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Ойын бүгін, 9 қыркүйекте Астана уақытымен 19:00-де өтеді. Матчты Баку қаласының Тофик Бахрамов атындағы Республикалық стадионында қабылдайды.

Олжас Абраев 2013 жылдан бері УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан ФИФА матчтарының комиссары.

Айта кетейік, УЕФА делегаты ойындарда ұйымның ресми өкілі ретінде қызмет атқарады. Делегат матч алдында ұйымдастыру жиналыстарына төрағалық етеді, кездесудің тәртіпті ұйымдастырылуын, жарыс және тәртіп ережелерінің сақталуын, матчтың алдында, ойын кезінде және одан кейін стадионда және одан тыс жерде қауіпсіздік және тәртіп ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, делегат оның талабы бойынша УЕФА әкімшілігіне матчқа дайындық туралы есеп береді және қажет болған жағдайда турнирдің ұйымдастырылу деңгейін бағалау үшін турнир алдында объектке барады

Рамазан Бағдат: «Бізге сәттілік жетіспеді»

Қазақстан U-21 – Англия U-21 матчына бейнешолу

Қазақстан жастар құрамасы Англиядан жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или