Рамазан Бағдат: «Бізге сәттілік жетіспеді»

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Рамазан Бағдат 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Англияға қарсы (0:2) өткен матчтың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
– Ойын өте қиын болды. Біз қарсыластың деңгейін ойынға дейін бір апта бойы зерттеп, бұл ойынға кәдімгідей дайындықпен келдік.
– Екінші таймда ойын бірінші таймға қарағанда жақсырық көрінді. Үзіліс кезінде бас бапкер ойыншыларға не айтты?
– Әрине басбапкер бізге қорықпай, тек өзіміздің ойнымызды ойнандар деп айтты. Тек қана алдыға деп мотивация берді.
– Англия құрамасының деңгейі туралы не айта аласың?
– Бұл ойыншылар болашақ Англия бас құрамасының ойыншылары ғой. Деңгейлері өте керемет.
– Қобыланды батыр атындағы стадиондағы атмосфера ұнады ма?
– Бұл стадионда атмосфера әр қашанда жоғары деңгейде. Осындай атмосфера мен жанкүйерлер алдында ойнау өте керемет.
– Шабуылда жүрген ойыншыларға қорғаушылардан пас жетпеді. Бұл дегеңіміз англиялық футболшылардың қорғаныс деңгейі жоғары болғандықтан ба?
– Біріншіден олардың қорғанысы мықты. Екіншіден бізге сәттілік жетіспеді.
– Бүгінгі ойында жақсы нәтижеге жету үшін не жетіспеді?
– Бізге әрине дайындыққа көп уақыт болмады, бір апта аз болды. Келесі ойындарға бізде уақыт бар деп ойлаймын. Бізге бір бірімізді танып, жақсы нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.
Қазақстан U-21 – Англия U-21 матчына бейнешолу
Қазақстан жастар құрамасы Англиядан жеңіліп қалды
Ұлттық құрамаға келуі мүмкін бапкерлердің аты аталды