Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/4 финалына өтті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Оңтүстік Корея елінің өкілі Кан Сок Енмен жұдырықтасты.

Алғашқы үш минуттықта бірнеше соққыны жіберіп алған оңстүстіккореялық боксшы келесі раундтарда Аиданың осал тұсын таба алмады. Нәтижесінде Аида Әбікеева төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Аида Әбікеева (65 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды. 

Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатында ширек финалға шықты.

Төрехан Сабырхан бокстан әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті.

Гүлсая Ержан бокстан әлем чемпионатында ¼ финалға өтті.

8 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шаршы алаңға шығады.

Сағындық Тоғамбай ширек финалға шықты

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы ширек финалға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или