Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барлығы шешілді! Келісімшартқа 2–3 күн ішінде қол қойылуы тиіс! Осы аптада жариялайтын сияқтымыз! Құдай қаласа, бұл үлкен жаңалық болмақ!» – деп жазды боксшы.

Еске салайық, бұған дейін «Қазақ стилі» орта салмақтағы барлық негізгі белбеулерді біріктіруді мақсат еткенін айтқан.

Ал Турки Әл аш-Шейх Карлос Адамеске қараша айында Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуді ұсынғанын, бірақ нақты жауап алмағанын, нәтижесінде ол ұсынысынан бас тартуға мәжбүр болғанын мәлімдеген. Айта кетейік, жуырда Boxing News журналы саудиялық инвесторды бүгінгі кәсіпқой бокстағы ең ықпалды тұлға деп атаған болатын.

Сағындық Тоғамбай ширек финалға шықты

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы ширек финалға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или