Футболдан әйелдер лигасы: «Ақтөбе» «Оқжетпестен» басым түсті

Бүгін футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жиырма бірінші туры өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Көш басында келе жатқан «Ақтөбе» аталған турда сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпесін» 23:0 есебімен жеңді. Ақтөбелік футболшылар бірінші кезеңде қарсылас қақпасына жауапсыз он екі гол соқса, екінші кезеңде тағы он бір гол енгізді.
«Ақтөбе» аталған қарсыласын алғашқы айналымда 24:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Қазір шымкенттік «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» командалары үздік үштікте келеді.
Ойын кестесі:
«Астана» - «Жеңіс» (Астана) 4:0
«Қызылжар» (Петропавл) - «Атырау» 12:1
«Қайрат» (Алматы) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 0:2
«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Ақтөбе» 0:23
«Елімай» (Семей) - «Тобыл» (Қостанай) 1:0
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Жетісу» (Талдықорған 3:1.
Бұл турда 6 қыркүйекте өткен ойында шымкенттік БИІК Қызылорданың «Қайсар» командасынан 5:0 есебімен басым түсті.
Енді алдағы тур ойындары 15 қыркүйек күні өтеді.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.
Отандық футбол клубтарына инвестиция салатын кәсіпкерлер белгілі болды
Ұлттық құрамаға келуі мүмкін бапкерлердің аты аталды
«Қайрат» капитаны «Реалмен» арадағы матч алдында тісінен қағылды