Отандық футбол клубтарына инвестиция салатын төрт кәсіпкердің есімі аталды

Отандық футбол клубтарына инвестиция салатын төрт кәсіпкердің есімі аталды

Бүгін Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрт футбол клубына кәсіпкерлер инвестиция салатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жайында Yedilov Online телеграмы нақтылап жазды:

«Шахтёр» футбол клубы – Тимур Турловқа, «Жеңіс» футбол клубы – Михаил Ломтадзеге,«Қызыл-Жар» футбол клубы – Сергей Канға беріледі.

Төртінші «Қайсар» клубы қызылордалық жас кәсіпкер, құрылыс саласының өкілі Исламғали Қозбақовқа сеніп тапсырылмақ. Ол келісімшарт аясында заманауи футбол академиясын салуға шамамен 12 млрд теңге құяды.

«Футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек. Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни, клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, футбол тақырыбы «Қайраттың» ерлігі және ұлттық құраманың кешегі ірі жеңілісінен кейін қоғамда өзекті болып тұр.

Ұлттық құрамаға келуі мүмкін бапкерлердің аты аталды

«Қайрат» капитаны «Реалмен» арадағы матч алдында тісінен қағылды

Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или