Зарина Дияс Қытайдағы турнирдің алғашқы айналымынан әрі аса алмады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Хучжоу қаласында өтіп жатқан WTA 125 сериясындағы турнирде алғашқы айналымнан әрі аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/16 финалдағы матчта әлемнің 242-ракеткасы саналатын Дияс сенімді бастап, бірінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті. Алайда ойынның кейінгі бөлігінде жағдай өзгерді, Рейтингте 216-орында тұрған франциялық Кароль Монне қарсыласына қысым көрсетіп, ойынның тағдырын шешті.
Екінші сетте Монне 6:4 есебімен басым түсті, ал шешуші партияда Дияс қарсылық көрсете алмады. Соңғы сет есебі – 1:6.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или