Триатлоннан Азия чемпионаты: қазақстандық спортшылардың нәтижесі белгілі болды

Түркияның Ыстамбұл қаласында триатлоннан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтижені Егор Крупяков көрсетті. Ол жетінші болып мәре сызығын кесті.
Дарын Қонысбаев - 13-орын, Аян Бейсенбаев - 14-орын алды.
Мейірлан Ысқақов 17-нәтиже көрсетті, Александр Тен - 19-орыннан көрінді, ал Арлан Жанабай 29-орынға тұрақтады.
Қазақстандық спортшы құзға өрмелеуден Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті
Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екінші орынға жайғасты
Қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты: Кирилл Стадник іріктеу кезеңінде бақ сынады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или