Ұлттық құрамаға келуі мүмкін бапкерлердің есімі белгілі болды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкер қызметіне келуі мүмкін екі үміткердің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресейлік шолушы Александр Троицкийдің мәліметінше бұл қызметке словакиялық Владимир Вайсс пен болгариялық Станимир Стоилов келуі мүмкін.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеген еді.
Қазақстандық маман мұндай шешімге ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиядан ірі есеппен (0:6) жеңілгеннен кейін келді:
- Қысқа ғана айтқым келеді: жеңілісті өз мойныма аламын, бұл – менің кінәм. Футболшылардың еш қатысы жоқ. Елге оралған соң бірден жұмыстан кету жөнінде арыз жазамын, - деді ол ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Оның басшылығымен Қазақстан ұлттық құрамасы биыл қаңтар айынан бастап 7 кездесуде екі мәрте жеңіп, қалғанында қарсыластарыне есі жіберді.
Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Бельгиядан өзге Уэльс (1:3, 0:1) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.
«Қайрат» капитаны «Реалмен» арадағы матч алдында тісінен қағылды
Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді