Қасым-Жомарт Тоқаев футбол клубтарын жекешелендіруді тездетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына арналған жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен бұған дейін шетелден келген спортшыларға бюджеттен қаржы бөлуді шектеу туралы тапсырма бердім. Депутаттар бұл бастаманы қолдап, арнайы заң қабылдады. Бұл – өз спортшыларымызды қолдауға арналған маңызды қадам. Бірақ мұнымен шектеліп қалуға болмайды, алға қарай жүруіміз керек.
Футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек. Қазір еліміздің төрт футбол клубына белгілі кәсіпкерлеріміз ие болды, яғни, клубтар жекеменшікке өтіп жатыр. Сол үшін оларға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен футболды коммерцияландыру ісін жалғастыра беру керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз.
Қазіргі заманда кәсіби спортты қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастырған жөн», – деді мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді