Марат Омаров ұлттық құрама бапкерінің қызметіне н кетуіне нқатысты пікір білдірді

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Бельгиядан жеңілгеннен кейін (0:6) қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы мәлімдемеге байланысты ҚФФ президенті Марат Омаров пікір білдірді:
«Әли Әлиев өзіне қойылған тапсырмалардың кейбірін орындады. Құрам жасарды, орташа жас 25–26-ға жетті. Бірақ нәтижелер көңілден шықпай отыр. Алдағы уақытта барлығын бірлесе отырып шешеміз. Әли Ханиұлымен келісімшарт бар, заңдық тұстарын қарап, келген соң талқылаймыз. Сол кезде жаңа кандидатура мен тиісті шешімдерді қарастырамыз», – деді Омаров.
Сонымен қатар, Марат Омаров ұлттық құрама бапкеріне әзірге лайықты кандидат таппағанын да атап өтті.
Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді