«Қанмен келген жеңіс». «Барыстың» бас бапкері Гагарин кубогының финалисін қалай ұтқанын түсіндірді

Астананың «Барыс» клубы Гагарин кубогының финалисін жеңіп, сенсация жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бас бапкер Михаил Кравец ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында жеңіске жанкүйерлердің қосқан үлесі зор екенін айтты:
- Жеңісімізде жанкүйерлердің үлесі ерекше. Мұндай қолдау барда хоккейшілердің басқаша ойнауға құқығы жоқ. Олар әрқашан соңғы күшін сарп етіп өнер көрсетеді, жанкүйерлер елі үшін барын салады. Бұл біз үшін өте маңызды. Бүгін бізді қолдауға келгендердің бәріне алғыс айтамын, жанкүйерлерімізді де, команданы да осы жеңіспен құттықтаймын! Біз мықты қарсыласты, тәжірибелі команданы жеңдік. Қан да, тер де болды. Маккошеннің бетіне шайба оңбай тиді. Матчта ондай болады. Бүгін командалық рухты көрдік: қақпашы да, төрт ойыншы да аянып қалмады. Бұл ойын біз үшін маңызды еді. Жеңіс сенімділік береді, енді сол межені ұстап тұруымыз керек.
- Дегенмен «Трактор» бір ойын өткізіп үлгерді, бұл сезілді ме?
- Иә, олар бір матч өткізіп үлгерді, аз да болса ойын тәжірибесі бар. Бірақ жігіттерге «біз үйде ойнаймыз, ешкімге бастаманы бермейміз. Барлығын бірінші болып жасаймыз: соққы да, күрес те біздікі» дедім. Жігіттер тыңдады, орындады.
Астаналық «Барыс» өз алаңында «Тракторды» ұтты
Қазақстан хоккей клубтары жаңа маусымды легионерлерсіз бастауы мүмкін