Жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу: Қазақстан - Англия матчының тікелей трансляциясы

Дүйсенбі, 8 қыркүйек күні Қазақстан жастар құрамасы (21 жасқа дейінгі) футболдан 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Англия құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан - Англия матчы Ақтөбеде өтеді және Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. Бұл ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Еске салайық, Қазақстан жастар құрамасы маусым айында өз алаңында Андорра құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Ол матчтағы жалғыз голды 11-минутта Олжас Байбек соқты.
Англия құрамасы үшін алдағы ойын Еуро-2027 іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойыны болмақ. «D» тобында Словакия, Молдова және Ирландия құрамалары да бар. Алты команданың ішінде тек топтың жеңімпазы ғана құрлық біріншілігінің финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады.