Баскетболдан Еуропа чемпионаты: Ширек финалда ойнайтын командалар белгілі болды
 
                  Грекия құрамасы баскетболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кездесуінде Израиль құрамасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ригада өткен кездесу 84:79 (28:22, 22:19, 17:18, 17:20) есебімен аяқталды. Матчтың ең нәтижелі ойыншысы грек шабуылшысы Джаннис Антетокунмпо болды, ол дабль-дабль жасады (37 ұпай және 10 доп).
Ширек финалда гректер бұған дейін Латвия құрамасын ұтқан литвалықтармен ойнайды.
Ширек финалдық жұптардың толық құрамы төмендегідей:
Литва - Греция
Түркия - Польша
Германия – Словения
Финляндия - Грузия.
Баскетболдан Еуропа чемпионатын Кипр, Финляндия, Польша және Латвия қабылдап отыр.
NBA аңызы қатерлі ісіктен қайтыс болды
Астанада АОК-нің VI Құрлықтық спортшылар форумының алғашқы күні өз мәресіне жетті
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или