WTA теннисшілер рейтингін жаңартты. Рыбакина мен Путинцева қай орында?

WTA теннисшілер рейтингін жаңартты. Рыбакина мен Путинцева қай орында?

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) АҚШ ашық чемпионаты аяқталғаннан кейін рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің бірінші теннисшісі, екі күн бұрын кубок жеңіп алған Арина Соболенко рейтинг көшбасшысы болып қалды. Екінші орында польшалық Ига Швёнтек. Үздік үштікті америкалық Кори Гауфф түйіндеді. Финалда Соболенкодан жеңілген тағы бір америкалық спортшы Аманда Анисимова бес сатыға көтеріліп, төртінші орыннан көрінді.

Қазақстанның ең мықты өкілі Елена Рыбакина әлі де оныншы қатарда. Еске салайық, US Open 2025 турнирінде ол төртінші айналымға шығып, күтпеген жерден чехиялық Маркета Вондроусовадан жеңіліп қалған болатын.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бес позиция төмендеп, 60-орынға жайғасты.


US Open-2025: Алькарас финалда Синнерді жеңді

Аружан Сағандықова Қытайдағы жарыста топ жарды

US Open турнирінің жеңімпазы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или