Алькарас US Open 2025 финалында Синнерді жеңгені үшін рекордтық ақшалай сыйлық алады

Алькарас US Open 2025 финалында Синнерді жеңгені үшін рекордтық ақшалай сыйлық алады

Испаниялық теннисші Карлос Алькарас (ATP рейтингінде 2-орын) US Open финалында италиялық Янник Синнерді (1-орын) жеңгені үшін тарихтағы ең ірі ақшалай сыйлыққа ие болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алькарас Синнерді төрт сетте - 6:3, 3:6, 6:1, 6:4 - жеңіп, АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Испан cпортшысы үшін бұл 2025 жылғы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші титул: ол бұрын Ролан Гарросты жеңіп алған.

Айта кетейік, биылғы жылы US Open ұйымдастырушылары жеңімпазға рекордтық сыйлық – 5 миллион доллар тағайындаған. Бұған дейін әлемде бірде-бір теннисші бұл турнирден мұнша табыс тапқан емес.


US Open-2025: Алькарас финалда Синнерді жеңді

Аружан Сағандықова Қытайдағы жарыста топ жарды

US Open турнирінің жеңімпазы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или