Әли Әлиев қызметінен кететінін мәлімдеді

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Бельгиядан жеңілгеннен кейін (0:6) қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
"Жеңіліс - менің кінәм. Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Мен отставкаға кету туралы ресми арыз жазамын", - деді Әлиев матчтан кейін.
Әли Әлиев Қазақстан құрамасын 2025 жылдың қаңтарында тізгіндеп, бұл қызметте ресейлік маман Станислав Черчесовты ауыстырған болатын.
Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі бес матчта Қазақстан құрамасы 3 ұпай жинап, J тобындағы турнир кестесінде 4-орында тұр.
Бельгия футболшылары Қазақстан құрамасына 6 гол соқты
Қазақстан Уэльс қақпасына гол соға алған жоқ
«Қайрат» капитаны «Реалмен» арадағы матч алдында тісінен қағылды