Богдан Пшебельский жартылай орта салмақта OCTAGON лигасының жаңа чемпионы атанды
Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 78 турнирінде жартылай орта салмақта ұйымның бос тұрған чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дивизияның жаңа королін анықтау құрметі екі үміткер – қазақстандық Богдан Пшебельскийге (6-2) және өзбекстандық Сайдатахон Нуриддиновке (8-3) бұйырды.
Жекпе-жек бір раундқа созылып, Пшебельский қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп, жартылай орта салмақта ұйымның жаңа чемпионы атанды.
21 қыркүйекте Ташкентте OCTAGON 79 турнирі өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпиондық белдесуде жеңіліп көрмеген қазақстандық Саят «Аватар» Әбдуәли (8-0) мен өзбекстандық «Қоқан арыстаны» Амирхон Алихуджаев (12-5) кездеседі.
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 78 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Қазақстандық файтер техникалық нокаутпен жеңіске жетті
OCTAGON 77 турнирінде бүйірден жасалған соққы айқасты ерте аяқтауға себеп болды
OCTAGON 77 турнирінде қазақстандық жеңілмеген файтер өнер көрсетеді