Салауат Каби техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Алматыда өтіп жатқан Eurasian Fighting League OCTAGON 78 турнирі аясында жартылай жеңіл салмақта алғашқы кардтың жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қырғызстандық файтер Аваз Ахматжонов (1-0) октагонда қазақстандық Салауат Кабимен (1-0) кездесті.
Жекпе-жек бір раундқа ғана созылып, техникалық нокаутпен қазақстандық файтер Салауат Каби жеңіске жетті.
Айта кетейік, жекпе-жек кешінің негізгі кездесуінде жартылай орта салмақта ұйымның жаңа чемпионы анықталады, онда қазақстандық Богдан Пшебельский (6-2) мен өзбекстандық Сайдатахон Нуриддинов (8-3) бос тұрған чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 78 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы