Мбаппе командаласына «Алтын допты» берер еді

«Реал» мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе өз пікірінше, кім «Алтын допқа» лайық екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Дембеле бұл марапатқа әбден лайық. Егер бәрі маған байланысты болса, оны өзім үйіне жеткізіп берер едім. Сондай-ақ Хакими де жоғары бағаға ие болады деп сенемін – ол тарихи маусым өткізді.
Ал Ламин Ямальға келсек, ол керемет ойыншы. Бірақ бұл туралы көп айта алмаймын – ол «Барселона» футболшысы ғой (күледі)», – деді Мбаппе Le Parisien басылымына берген сұхбатында.
Өткен маусымда Усман Дембеле «ПСЖ» сапында 53 матч өткізіп, 35 гол соқты және 16 нәтижелі пас берді. Ол командасымен бірге Франция чемпионы атанып, ел Кубогын, Суперкубок пен Чемпиондар лигасын жеңіп алды.
Еуропаның үздік бапкері велосипедтен жығылып, жарақат алды
«Реал» жұлдызы Франция құрамасындағы гол саны бойынша Анриді қуып жетті
«Реал Мадрид» вингері Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді