Қазақстан құрамасының бас бапкері: «Уэльстен кейін үлкен шығын болған жоқ»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы Бельгияға қарсы өтетін әлем чемпионаты-2026 іріктеу ойыны алдындағы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кеше Бельгияға келдік. Уэльспен болған кездесуден кейін қатты жарақаттар мен шығынның болмағаны қуантады. Әрине, жеті сағаттық ұшу көп күш-қуатты алды. Енді ең бастысы – команданың физикалық әрі психологиялық жағдайын тез қалпына келтіру.
Уақыт аз, бірақ бапкерлер құрамы мен медицина қызметкерлерімен бірге қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ротация жасап, алаңға тапсырманы орындайтын ойыншыларды шығарамыз. Жалпы алғанда, футболшылардың жағдайына көңіліміз толады, команда келесі матчқа дайын», – деді Әлиев Legalbet.kz сайтына.
Айта кетейік, Бельгия – Қазақстан матчы Брюссельде 7 мен 8 қыркүйекке қараған түні өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23:45-те басталады.
«Қайрат» капитаны «Реалмен» арадағы матч алдында тісінен қағылды
Түкіріп жіберген. «Барселона» экс-жұлдыздары АҚШ-та жазаланды