Усик енді Паркер – Уордли жекпе-жегінің жеңімпазымен айқасуы тиіс

Әлемдік бокс ұйымы (WBO) украиналық Александр Усикке Мозес Итаумамен кездесу өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйымның шешімі бойынша абсолютті чемпион енді 25 қазанда Лондонда өтетін Джозеф Паркер мен Фабио Уордли арасындағы айқастың жеңімпазымен жекпе-жекке шығуға міндетті.
«Бұл талап орындалмаған жағдайда WBO ережелері мен қағидалары дереу күшіне енеді», – деді ұйым президенті Густаво Оливьери The Ring басылымына берген сұхбатында.
Бұған дейін Усик арқасындағы жарақатына байланысты міндетті қорғанысты кейінге шегеруді сұраған еді. Алайда енді 20 жастағы Итаумамен айқас ұйымдастыру украиналық боксшыға чемпиондық белдіктің бірінен айырылуға әкелуі мүмкін. Бұл кездесуді Сауд Арабиясының промоутері Турки Аль аш-Шейх өткізуді жоспарлаған болатын.
Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде өзбек спортшысын жеңді
Қазақстандық боксшы титулды жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті