Дембеле: «Қазір өз денемді күтемін, сондықтан ПСЖ-де жарақат аз»

Дембеле: «Қазір өз денемді күтемін, сондықтан ПСЖ-де жарақат аз»

ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле «Барселонада» жиі жарақат алу себебін айтып берді, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Футболшының сөзінше, мәселе дайындыққа деген көзқарас пен өз денесіне күтім жасауға байланысты болған.

««Барселонаға» алғаш келгенімде кәсіби мансабымның небәрі бір жарым жылы ғана артта қалды. Жаттығу залына сирек кіретінмін, бірден алаңға шығатынмын – энергия мен талант жеткілікті еді. Бірақ бірнеше жарақаттан кейін жоғары деңгейде тек талант жеткіліксіз екенін түсінесің: денеңді күту, дұрыс тамақтану, ұйқыны қадағалау, күш жинау керек. Қазір ПСЖ-де осының бәрін жасаймын, нәтижесін көрудемін. Бақыттымын», – деді Дембеле FourFourTwo басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, француз футболшысы 2017 жылдан 2023 жылға дейін «Барселона» сапында ойнап, кейіннен «ПСЖ»-ге ауысқан болатын.

Еуропаның үздік бапкері велосипедтен жығылып, жарақат алды

«Реал» жұлдызы Франция құрамасындағы гол саны бойынша Анриді қуып жетті

«Реал Мадрид» вингері Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или