Кирилл Глебов алғашқы ойынын Ресей ұлттық командасында өткізді

Кирилл Глебов алғашқы ойынын Ресей ұлттық командасында өткізді

Футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Артем Глебовтың ұлы Кирилл Ресей ұлттық құрамасында алғашқы матчына шықты, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Оның дебюті Иорданияға қарсы өткен жолдастық кездесуде болды. Ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Артем Глебов ұлын ресейлік құрама жейдесінде көремін деп ойламағанын жасырмады: «Кирилдің Ресей сапында ойнайтынын елестеткен де жоқпын. Одан футболшы жасауды мақсат етпедім, бәрі өздігінен өрбіді. 14 жасында ЦСКА-ға түскенде, ол үшін бұл мүлде жаңа әлем болды. Кейін ол өз мақсатын қойып, соған қарай жүрді. Сол кезде де ұлттық құрамаға дейін жетеді деп ойламадық».

Айта кетейік, Артем Глебов өзі кезінде Қазақстан құрамасы сапында футзалдан өнер көрсеткен.

«Қайрат» капитаны «Реалмен» арадағы матч алдында тісінен қағылды

Түкіріп жіберген. «Барселона» экс-жұлдыздары АҚШ-та жазаланды

Уэльс құрамасының экс-ойыншысы: Орталық Азияның әлеуеті зор

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или