Орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиада ресми ашылды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында орталық мемлекеттік республикалық Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Inform.kz-ке сілтеме жасап.
Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, биылғы бәсекеде 26 мемлекеттік мекеменің қызметкерлері жүлдеге таласып жатыр.
– Бұл жарыстың басты мақсаты - спорт арқылы ұжымдық рухты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және мемлекеттік қызметкерлер арасындағы достық пен сыйластықты арттыру. Биылғы додада 20-дан астам командадан 1000-ға жуық қатысушы өзара мықтыны анықтайды. Барлықтарыңызға сәттілік, әділ бәсеке және жарасымды жеңістер тілеймін, - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин.
Сайысқа қатысушылар 4-7 қыркүйек аралығында волейбол, футзал, қазақ күресі, үстел теннисі, қол күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, 3х3 баскетболдан сынға түседі.
Қазақстандық спортшы құзға өрмелеуден Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті
Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында екінші орынға жайғасты
Қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты: Кирилл Стадник іріктеу кезеңінде бақ сынады