Аружан Сағындықова Қытайдағы турнирдің финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші, дүниежүзілік рейтингіде 958-орында тұрған 20 жастағы Аружан Сағындықова Луань (Қытай) ITF W15 турнирінің финалына шықты.
Аружан жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, соның бәрінде жеңіске жетті.
Сағындықова жартылай финалда рейтингіде 1 059-орында тұрған, 20 жастағы қытайлық теннисші Янань Хоуды қапы қалдырды.
Бірінші партияда корт иесі бет қаратпады – 6:0. Бұдан кейін Аружан камбэк жасап, екі сетті өз есебіне жазды – 6:3, 6:2.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 797, осы доданың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Аружан Сағындықова жұптық сында Асылжан Арыстанбековамен бірге жартылай финалға дейін жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или