Гадрани: Израиль маған жаңа мүмкіндік береді

Грузиялық қорғаушы Лука Гадрани өзінің «Қайраттан» Израильдің «Бейтар» клубына ауысу жайлы мәліметімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Иә, мен «Бейтарға» өттім. Израильдік клуб трансферге төлем жасады, «Қайрат» осы шешімді қабылдады. Сол себепті команда ауыстырдым. Израиль чемпионаты мықтырақ, әрі мансабыма көбірек мүмкіндік береді деп ойлаймын. Қазір жарақатымнан толық айығып, ойындарға дайынмын», – деді футболшы Legalbet.kz порталына.
28 жастағы орталық қорғаушы 2024 жылдың қаңтарында «Ақтөбеден» «Қайратқа» келген болатын. 2025 жылдың басында ауыр жарақат алып, тек шілденің екінші жартысында алаңға қайта оралды. Сол себепті биылғы маусымда Кәсіпқой футбол лигасының небәрі үш кездесуіне ғана қатысты. Ол Грузия ұлттық құрамасына үміткер саналады.
Айта кетейік, Лука Гадранидің «Бейтарға» ауысқаны 5 қыркүйекте белгілі болды. Transfermarkt дерегінше, бағасы 350 мың еуро тұратын қорғаушы үшін израильдік клуб 100 мың еуро төлеген.
«Қайрат» капитаны «Реалмен» арадағы матч алдында тісінен қағылды
Түкіріп жіберген. «Барселона» экс-жұлдыздары АҚШ-та жазаланды