Ригада Сербия жанкүйерлерінің символикасына тыйым салынды

Ригада Сербия жанкүйерлерінің символикасына тыйым салынды

Ригада өтіп жатқан 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойыны қарсаңында үлкен жанжал орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жергілікті қауіпсіздік қызметі «Даугава» стадионына келген серб жанкүйерлеріне өз командаларының символикасын шешіп тастауға бұйрық берген. Сондай-ақ олар ұлттық туын алып кіруге рұқсат ала алмаған.

Айта кетейік, дәл осы уақытта Латвия астанасында баскетболдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі өтіп жатыр. Онда Сербия құрамасы да өнер көрсетуде, соған байланысты Ригаға қонақ команда жанкүйерлері көптеп келген еді. Сол себепті футболда да сербтерге қолдау мол болады деп күтілген.

Алайда стадион кіреберісінде нағыз драма орын алды. Қауіпсіздік қызметі жанкүйерлерді Сербия символикасы бар киіммен – жейде, шарф, бас киіммен – ішке кіргізбей қойған. Тіпті ұлттық туға да тыйым салынған.

Енді мұндай жағдайға УЕФА мен ФИФА қандай шара қолданары қызық болып отыр.

Еуропаның үздік бапкері велосипедтен жығылып, жарақат алды

«Реал» жұлдызы Франция құрамасындағы гол саны бойынша Анриді қуып жетті

«Реал Мадрид» вингері Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или