Қазақстан U-19 футбол құрамасы Шотландияны жеңді

Қазақстан U-19 футбол құрамасы Шотландияны жеңді

Словенияда өтіп жатқан Slovenia Nations Cup-2025 турнирінде Қазақстан U-19 футбол құрамасы Шотландиямен кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық турнирдің екінші матчында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2:1 есебімен басым түсті.

Қазақстан құрамасы сапында Исмаил Бекболат пен Азамат Туяқбаев голдың авторы атанды. Қарсылас команда сапынан Джошуа Ландерс көзге түсті.

Айта кетейік, турнирдің алғашқы ойынында Кирилл Кекер шәкірттері БАӘ құрамасымен кездесіп, 5:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Қайрат» капитаны «Реалмен» арадағы матч алдында тісінен қағылды

Түкіріп жіберген. «Барселона» экс-жұлдыздары АҚШ-та жазаланды

Уэльс құрамасының экс-ойыншысы: Орталық Азияның әлеуеті зор

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или