Ұлыбританиядағы ӘЧ: Төрехан Сабырхан алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Төрехан үшін дебюттік кездесу оңай болған жоқ. Алжирлік Эсуф Яиче лайықты қарсылық танытып, айқасты шиеленістіре түсті. Дегенмен, үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын нокдаунға жіберді.
Осылайша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.
Қазақстандық танымал боксшы Алматыда қарсыласын сенімді жеңді
Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық боксшы Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде өзбек спортшысын жеңді