Денис Мамонов Дастан Сатпаевпен жұмыс туралы пікір білдірді

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Денис Мамонов Sport+ арнасына берген сұхбатында Дастан Сатпаевпен жұмыс істеудегі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Қазіргі таңда Дастан өте тамаша, көрерменге қызықты футбол көрсетіп жүр. Онымен жеке сөйлескенде, оның әлі де жас ойыншы екенін түсінесің, бірақ алаңға шыққанда өте салмақты, тәжірибелі футболшыдай ойнайды. «Селтикке» қарсы ойында оның қатыспайтынын естігенде бәріміз қатты қапаландық. Бұл тек Дастан болғаны үшін емес, ол өз ойынымен дәл осындай деңгейде ойнауға лайық екенін дәлелдеп жүр. Біз елімізде осындай таланттың бар екеніне қуаныштымыз.
— Сатпаевтың жастар құрамасы емес, ұлттық құрама үшін ойнайтыны — сіздер үшін үлкен шығын ба?
— Бізде әлі өсіп, дамуға қабілетті ойыншылар жеткілікті. Олар бүгінгі таңда ҚПЛ-дегі өз клубтарында болашағы бар екенін көрсетіп жүр. Бапкер ретінде біз үнемі іріктеу жұмыстарын жүргізуіміз керек, жаңа таланттарға мүмкіндік беруіміз қажет.
Түкіріп жіберген. «Барселона» экс-жұлдыздары АҚШ-та жазаланды