«Интер Майами» жұлдыздары матчтардан шеттетілді

«Интер Майами» жұлдыздары матчтардан шеттетілді

«Интер Майами» шабуылшысы Луис Суарес Лига кубогының финалынан кейін «Сиэтл» қызметкеріне түкіргені үшін алты матчқа шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жексенбіде «Интер Майами» трофей үшін өткен ойында «Сиэтлден» 0:3 есебімен жеңілді. Соңғы ысқырықтан кейін алаңда футболшылар, бапкерлер мен қызметкерлер арасында жаппай жанжал болды. Сол сәтте 38 жастағы Суарес «Сиэтлдің» бір қызметкерімен сөзге келіп қалып, оның бетіне түкіріп жіберді. Ойыннан кейін шабуылшы өзінің әрекеті үшін кешірім сұрады.

Суарестің жазасы тек Лига кубогы матчтарына қолданылады. Жартылай қорғаушы Серхио Бускетс екі ойынға, қорғаушы Том Авилес үш матчқа шеттетілді. Ал «Сиэтл» жаттықтырушысы Стивен Ленхарт бес ойынға дисквалификация алды.

Еуропаның үздік бапкері велосипедтен жығылып, жарақат алды

«Реал» жұлдызы Франция құрамасындағы гол саны бойынша Анриді қуып жетті

«Реал Мадрид» вингері Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или