Натан Блэйк Орталық Азияның футболын бағалады

Уэльс құрамасының бұрынғы шабуылшысы Натан Блэйк Орталық Азиядағы футболдың болашағы туралы пікір білдіріп, «Челсидің» «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевқа деген қызығушылығына түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бір құпияны ашайын: «Челсидің» бұрынғы ойыншысы әрі бапкері, досым Эдди Ньютон екеуіміз Қазақстанның бір клубында жұмыс істеу туралы келіссөз жүргіздік. Тіпті Одессада кездескенбіз, бірақ келісімге келе алмадық. Соған қарамастан, мен әрдайым скауттарға айтамын: таланттарды бүкіл әлемнен іздеу керек, Еуропа немесе Оңтүстік Америкамен ғана шектелмеу қажет. Орталық Азияда зор әлеует бар. Әрбір топ-клубтың барлық өңірде скауттары болса екен деймін», — деді Блэйк.
Еске сала кетейік, Сәтпаев 2026 жылдың жазында «Челсиге» қосылады. Келісімшарт бес жылға есептелген, ал мәміле сомасы бонустарымен қоса 4,3 млн еуроны құрайды.
Қазақстан өз алаңында Уэльске жол берді
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстанмен тең түсті
«Жарқ етіп шығуы мүмкін!». Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Уэльске қарсы матч жайында айтты